Қызылордалық әйел егіз баласын жарты миллион теңгеге сатып жіберген

1906
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны егіз баласын жарты миллион теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық соттың мәліметінше, әйел егіз баласы болатынын біліп, оларды сатуға шешім қабылдаған. Осылайша өзінің таныстары ерлі-зайыпты сотталушылар Ж. мен К.-мен кездесіп, босанғаннан кейін балаларын оларға сату арқылы беру туралы өзара келісімге келген.

Оған сәйкес ерлі-зайыптылар әйелге  «Kaspi bank» қосымшасы арқылы дәрі-дәрмек пен азық-түлік алу үшін 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында әртүрлі соммада барлығы 60 000 теңге аударған.

«Айыпталушы сәуірде балаларды өмірге әкеліп, оларды Ж. мен К.-ға берген. 200 000 теңгені бергеннен кейін “сатып алушылар” келіскен соманы бөліп төлеу туралы сөйлескен. Осылайша нәрестелердің анасына 252 000 теңге және тағы 34 000 теңгені бөлек аударылған. Айыпталушы Д. ерлі-зайыптылардан небәрі 546 000 теңге алған»,—делінген хабарламада.

Кейінірек айыпталушы мен ерлі-зайыптылар нотариусқа жүгінген. Балалардың биологиялық анасы оларды асырап алуға және кейіннен қорғаншылық жасауға келісімін берген.

«Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен балаларын сатқан сотталушы Д., кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Ж. К., кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,– делінген сот хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер