Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды

1708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/e099a2f9-f780-4270-aacf-06313a887da0-960x500.jpeg?token=5963992ef3995ebdfc8bdcd5e07b460d

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалды мен басқа адамдардың Қазақстан Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса" - еск.), 194-бөлігі, 4-бөлігі, 2-тармағы ("Қорқытып алу, аса iрi мөлшерде жасалса" - еск.) және 389-бабтың, 4-бөлігінде ("Өзiнше билiк ету, осы баптың екінші немесе

үшінші бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер" - еск.) көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деген күдік бойынша тергеуді аяқтады»,- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Антикор басқа ақпараттардың жария етілмейтінін атап өтті.

Еске салайық, 2023 жылдың мамырында Гүлмира Сатыбалдыға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Ол Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Комментарии