Агенттік Боранбаевты қорғап мәлімдеме жасады

767
Adyrna.kz Telegram
фото: КазТаг
фото: КазТаг

Қаржы мониторингі агенттігі олигарх Қайрат Боранбаевтың активтері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды. Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өткізіліп жатыр»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылы 15 қыркүйекте Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды. 14 қыркүйек күні ҚМА экс-шенеуніктің мемлекетке 90 млрд теңге қайтарғанын мәлімдеді. Кейін Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шаралары қабылданып, жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Кейін тағы тағы мемлекетке 30 млрд теңге қайтарды. 

Қазан айынды мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.  19 қазан күні Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді. 

Көптеген активті қайтару кәсіпкердің жазасын жеңілдетуге әкелді. 20 қазанда сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды. 6 қарашада кәсіпкер түрмеден босатылды.

Пікірлер