Лаңкестік шабуыл. Франция мен Германия қатты алаңдаулы

823
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеуде орын алған лаңкестік әрекеттен кейін Франция теракт қаупінің ең жоғары деңгейін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Габриэль Аттал X әлеуметтік желісінде жариялады.

Оның айтуынша, Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайында елдің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырған. Аттал кездесудің басты себебін - 22 наурызында Ресейдегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіні атады.

«Ислам мемлекетінің шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алуын және біздің елге төніп тұрған қоқан-лоққыларды ескере отырып, біз Вижипиратты (террорлық қауіп-қатер туралы ұлттық жүйе – ред.) ең жоғары деңгейге – «төтенше» шабуылға дайындық деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдадық», - деді Аттал.

Франциядағы Вигипираттың максималды деңгейіне соңғы қоңыраулардың бірі 2023 жылдың қазан айының ортасында Хамастың Израильге шабуылынан кейін Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюіне байланысты «антисемиттік әрекеттер» жағдайында болды.

Салдарынан Париж Олимпиада ойындарының ашылуында көрермендер санын азайтпақ.  Наурыз айының басында Politico газеті Макрон 26 шілдеде өтетін Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында "лаңкестік әрекеттер болуы мүмкін" деген күдікпен көрермендер санын қысқартуға бұйрық бергенін жазды. Газеттің хабарлауынша, сол кездегі елдің барлау қызметтері 2024 жылғы Олимпиада ойындары кезіндегі лаңкестік әрекеттер қаупін тіркемеген, бірақ «ислам терроризміне» алаңдаушылық білдірген.

Германия да лаңкестік шабуылдардан сақтануда. Елдің ішкі істер министрі Нэнси Фазер Берлиннің Мәскеудегі лаңкестік әрекетті ДАИШ-К ұйымдастырды деген нұсқаға сүйеніп отырғанын атап өтті. Фезер Германияға «ең үлкен исламдық қауіп» төндіретінін атап өтті.

Пікірлер