Бүгін Тәуелсіздік күнің тойлап жатқан АҚШ туралы сіз білмейтін деректер...

2891
Adyrna.kz Telegram

ТЕХНИКА

100 долларлық купюра. Қасқайып тұрған Бенджамен Франклиннің суреті. Ол АҚШ-тың президенті болмады. Бірақ бейнесі айналымда жүрген негізгі көк ақшада тұр. Өйткені Бекең саналы ғұмырын АҚШ-тың өркендеуі мен күллі әлемдік ғылымның дамуына арнаған. 1727 жылы Орта Азияда Әбілхайыр бастаған қалың қол жоңғарларға қарсы соғыс ашып жатқанда 21 жастағы бозбала Бенджамин Американың Филадельфиясында өзінің баспа үйін ашып «Пенсильвания газеті» мен «Кедей Ричардтың алманахі» атты басылымдарын аңыртатып жатты. Егер деймін дәә, сол кезде Бенджамин қазақ деген жұрт бар екенін білгенде «Пенсильвания газетіне» «Аңырақай шайқасы» туралы жазып, Шапырашты Наурызбайдың бір жоңғар батырының басын қолына ұстап тұрған суретін үнпарақтың алғашқы бетіне жариялар ма еді. Кім білсін?!

Тақырыптан ауытқымайын. Өмірде мінсіз адам жоқ қой. Десекте «АҚШ-тағы мінзіз адам» атанған Франклиннің ғылымға қосқан үлесінің жартысының жартысын тізіп көрейін:
1. Бифокальды көзілдірік (Очки с двойной фокусировкой: верхняя частьслужит для дальнего зрения, а нижняя для ближнего чтения).
2. Громоотвод (Найзағай соққысына төтеп бере алатын құрылғы)
3. Тербелме-креслоның жасалу технологиясына потент алды
4. «Шыны гармоника» атты сирек кездесетін музыкалық аспапты құрастырып шығарды
5. Алғаш болып оқдәріні жару үшін электр ұшқынын қолданды. Эксперимент сәтті шықты
6. Оң(+) және теріс(-) электр зарядының белгіленуін ойлап тапты

Бенджамин Франклин өмірден өткен соң да алпауыт Америкада алып ғалымдардың қатарады көбейді:
1. Адлер – алыстан басқаратын пульт
2. Белл – телефон
3. Зингер – іс тігетін мәшине
4. Фултон – кеме
5. Морзе – телеграф
6. Страусс – кәдімгі киіп жүрген джинсы
7. Сикорский – тік ұшақ (вертолет)
8. Пембертон – Кока-кола
9. Армстонг – FM-радио
10. Максим (Хайрам Стивенс) – пулемет
11. Кокрейн – ыдыс-аяқ жуғыш мәшине
12. Берлинер – граммофон

Отис – қауіпсіз жеделсаты
...
Бұл тұлғалардың есімі әлемдік тарихта «Америка ғалымдары» деген алтын әріптермен қалды. Ал қолынан шыққан заттары мен бұйымдарын әлі күнге дейін қажетімізге жаратып жүрміз. Кейде ойлаймын «Құдай-ау, осы америкалықтар ойлап таппаған не қалды өзі...» деп.

КОЛУМБ, КОЛУМБ, ПОЙДЕМ КОПАТЬ КАРТОШКУ

Колумб көкеміз болмаса біраз көкөніс пен жеміс-жидекті білмей өтер едік. Дастарханымыз да жұтап тұрар ма еді?! Африкадан, Шығыс елдерінен, Үндістаннан келген ас атаулылар жетерлік қой. Бірақ бүгінде негізгі азыққа айналған картоптың отаны оңтүстік Америка дегенге сенуге тура келеді. Иә, картошка Антошканікі емес, Колумбтікі. «Антошка, Антошка, пойдем копать картошку...» деген әннің мәтіні де қате жазылған немесе жай ұйқас үшін Антошка дей салған. Негізінде «Колумбка, Колумбка, пойдем копать картошка...» деп орындалу керек сияқты. Американың оңтүстік ормандарында әлі күнге дейін жабайы картоп өседі. Бірнеше ғасыр бұрын Америкадан Еуропа мен Азияға қоныс тепкен кей картоптар қазір түрленді, өзгерді. Тіпті елімізде қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің атына берілген «Тоқтар» атты картоп та бар. 2003 жылы Алматыдағы молекулярлы биология және биохимия институты ғарышқа кәдімгі картоптың дәнін жібереді. Кейін кеңістікте өсіп шыққан дақылды ғарышкер жерге алып келді. Бұл қазақ ғылымында «Тоқтар» картобы деген жаңа атқа ие болды.

XV ғасырда Колумб Америка құрлығына Перу арқылы жасаған саяхатында Еуропаға кәдімгі жүгеріні алып келді. Бірақ ол кәзіргі жүгеріден 10 есе кішкентай болған. Бүгінде Мексикада жүгерінің мыңнан аса сұрыпын кездестіруге болады. Мексиканың ежелгі аңыздарына сенсек жүгері күн мен ай құдайының ұлы деп есептелген. Диқан болсаң жүгері ек, Молда болсаң такрар ет.

Итальян тілінен аударғанда «алтын алма» деген мағанаға ие Pomodoro-ның отаны Америка. Ал бұған не дейсіздер? Оңтүстік Американың қалың ормандарына жолыңыз түсіп жатса қызанақтың көкесін көресіздер.

Алыстан сары қалпағын бұлғап күн күзетіп, ай бағатын күнбағыстың да туған жері Американың солтүстігі. Шекілдеуік болсама шекесі тырысып қалатын ағайын Колубқа рақмет айтсын.

МУЗЫКА. ӨНЕР. РОК-Н-РОЛЛ...

Музыканың ерекше жанрлары да АҚШ-та қалыптасты. Біз жаңа заман ырғағы деп атой салып жүрген джазымыз XIX ғасырдың аяғында Америкада пайда болып қойды. Африка мен еуропа мәдениетінің тоғысуынан туған жанр импровизацияға негізделген. Демек фонаграммаға жол жоқ. 1920 жыл музыка тарихында «джаз дәуірі» деп қалды. Алғашқы биг-бэндтердің де шарықтаған тұсы осы кез.

Соул мен рок және блюз туралы жазып та қажеті жоқ. Ол үшін тек Рей Чарльз бен Джеймс Браунды тыңдаңыз!

Рок-н-Роллдың ырғағына әкеміз бен шешеміз қанып өсті. Билл Хейли, Элвис Пресли, Чак Беррилердің суретін жастанып жатты, пір тұтты. Оларды осы күйге түсірген тағы да сол Америка. Не деген құдірет бұл? Музыканың жартысынан көп жанрын жанына жиып алып отырган не деген алпауыт ел бұл?!

Менің жазғандарым АҚШ-тың адамзат баласына берген құндылықтарының бір бөлшегі емес, шаңның түйіріндей ғана бөлігі. Бірақ осының өзі қаншама дәуірге тірек болып келе жатыр.

Бүгін АҚШ-та Тәуелсіздік күні. Құтты болсын. Не дейміз басқа? Өзімізді, алпауыт елмен салыстыруды тоқтатпаймыз бірақ. Нұр-Сұлтан – Вашингтон. Болмасаңда ұқсап, бақ. Тек салыстырма. Ұят болады әйтпесе! Ұқса дейді және бақ, бақыла, осы деңгейге қалай жеткенін зертте дейді.

Тәуірбек Бозекенов

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер