Ортақ ошақ - Наурыз. Орталық Азияда қай ел қанша күн демалады?

736
Adyrna.kz Telegram

Орталық Азия елдерінде 21 наурыздан бастап Наурыз мейрамына орай жұмыс аптасы қысқартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәселен Тәжікстан тұрғындарын ең ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Олар 21-26 наурыз аралығында демалады.

Қазақстанда Наурыз мейрамының құрметіне әдетте үш күн – 21 наурыздан 23 наурызға дейін демалыс күндері болатын. Ал биыл 23-і сенбіге сәйкес келетіндіктен, 25 наурыз дүйсенбі күні де демалыс болады. Бұл жұмыс аптасы бес күндіктер үшін ғана есептеледі.

Өзбекстан мен Қырғызстанда 21-24 наурыз аралығы демалыс күндері деп жарияланды. Бұл ретте қырғызстандықтар 22 наурыз күніндегі демалысын сәуірдің 8-і күнінде жұмыс істеуі керек. Күнтізбе бойынша бұл демалыс күні болуы керек, өйткені сәуір төңкерісі күні биыл жексенбіге келді.

Түркіменстан тұрғындары Ұлыстың ұлы күнінің құрметіне 21 және 22 наурызда демалады, сенбі, 23 наурыз аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін ғана демалыс күні болады.

Пікірлер