Қазақтың мың әнін жинаған мың болғыр

1337
Adyrna.kz Telegram

Бүгін композитор, этнограф - ғалым, қазақтың және көптеген халықтардың дәстүрлі ұлттық музыкасын зерттеп оны нотаға түсіруші және ҚазССР-нің тұңғыш халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің туғанына – 155 жыл толды.

1869 жылы Орлов губерниясының Болхов қаласында дүниеге келген ол алғашқы білімін Орел қаласындағы әскери гимназияда алған.

1920 жылдан бастап жол қиындығына қарамастан Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, өмірінің соңғы жылдарына дейін қазақтың өнердегі бай-мұрасын жинап, ұлттық музыканы зерттеуге жол ашты. Ол ел аралап жүріп қазақ зиялыларымен, белгілі әнші-күйшілермен, қарапайым жұртшылықпен кездесу нәтижесінде 1925 жылы «Қазақтың 1000 әні», ал 1931 жылы «Қазақтың 500 әндері мен күйлері» атты жинақтарын шығарды. А.В. Затаевич жинап нотаға түсірген қазақтың әндері мен күйлері, музыкалық мұрасы бүкіл әлемге тарады. Сонымен қатар әйгілі этнограф, дарынды композитор қазақтың камералық музыкасының да негізін салды.

Пікірлер