Халықаралық асық ату федерациясы ашылды

2194
Adyrna.kz Telegram
Фото: Асық ату федерациясы/Аяулым Әлсейітова
Фото: Асық ату федерациясы/Аяулым Әлсейітова

18 наурыз күні Астанада Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

Аталған ұйым 12 наурызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен болатын.

ҚР Асық ату федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықаралық федерацияның президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.

Жаңадан құрылған федерацияға Қазақстаннан басқа, Түркия, Румыния, Моңғолия, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Қытай, Испания және Саха республикасы (Ресей) мүшелікке өтініш берді. Алдағы уақытта ұйымға мүше елдер саны арта түсетіні сөзсіз.

Федерация алдына Дүниежүзілік Этноспорт қауымдастығына ену, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарын жүргізу және осы ойын аясында тұңғыш рет әлем чемпионатын өткізу секілді мақсаттар қойып отыр.

«Respublica» партиясының кеңсесінде өткен алғашқы жиында Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов дамыту бойынша, асық атудан ұлттық құраманың бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы спорт бойынша және Түркия мемлекетінде асық спортын дамытуға атсалысып жүрген түрік азаматы Рауф Өзген халықаралық байланыстар бойынша вице-президенттер болып сайланды. Асық атудан мемлекеттік жаттықтырушы Жомарт Оразов бас хатшы болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер