Навальныйдан соң. 70-тен асқан Путиннің де пайызы арта бастады

999
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

15-17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша, 70-тен асқан Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Путин жалпы дауыстың шамамен, 87,38%-ын иемденген. Оның бәсекелестері жалпы дауыстың шамамен, 13%-нан аз алған. 

Алғашқы экзит-полдардың нәтижесі Мәскеу уақыты бойынша сағат 21:00-де жарияланды. Оның бәрі Владимир Путиннің сенімді түрде жеңіске жеткенін жария етті.

Еске салсақ, 2018 жылы сайлауда сайлаушылардың 67,54% дауыс берген. Бұл жолы ресми билік дауыс берушілердің 74,22% сайлауға келгенін хабарлады.

Украинаның оккупацияланған облыстарында да Ресей билігі дауыс беруді ұйымдастырды. Батыс елдері оны бірнеше рет Украина егемендігін бұзу деп атады. Ресей армиясы алып жатқан Запорожье территорияларының, сондай-ақ Херсон, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары сайлауға қатысуға мәжбүр болды. Оларға қарулы әскерилердің сүйемелдеуімен комиссия мүшелері келген.

2018 жылы өткен сайлауда Владимир Путин 76,69% қорытынды нәтижемен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, сайлау өткен күні Ресейдің әртүрлі қаласында халық наразылығын білдірді. Бірі сайлау жәшігіне сұйықтық шашса, енді бір қалада учаскеге газ шашып кеткен. 

Еске салайық, ақпан айында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан Ямало-Ненецк автономиялық округінде қайтыс болған еді. Ол түрмеде отырып, халықты президент сайлауына қарсы митингке шығуға шақырған болатын. Навальный өзінің жақтастарына қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, сайлауға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, саяси доданың болмауына бар күш-жігерді салу керектігін айтқан еді.

Пікірлер