Биылғы магистратура мен докторантураға түсу Е Р Е Ж Е Л Е Р І

523

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу ережелерін өзгергені туралы хабарлады.

«Біріншіден, магистратураға гранттар бір емтихан негізінде бөлінеді. Бұған дейін гранттар университетке беріліп, университет басшылығы тапсырмаларды өздері дайындап, қабылдау туралы шешімді оқу орны шығарса, енді GMAT арқылы анықтайтын болады. Яғни талапкерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін жан-жақты тестілеуден өтеді. Бұл дегеніміз былтырғыға қарағанда тестілеу ауырлау өтеді деген сөз.

Вице-министр тестілеу кезінде жоғары балл жинаған үміткерлерге гранттар берілетіндігін және талапкер қалаған  университетін өздері таңдайтының басып айтты. Осылайша, стипендия бакалавриаттан кейін жіберіледі. Бұл гранттар жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Магистратураға түсетін үміткерлер  шет тілінде (бұрынғыдай), сондай-ақ екі арнайы пән бойынша тест тапсырулары керек.

Докторантураға келетін болсақ, онда еш өзгеріс болмайды. Өтініш беруші жоғары оқу орнында арнайы пән бойынша емтихан тапсырады, сондай-ақ шет тілін білу деңгейінде сертификат береді. Негізгі өзгеріс докторлық бағдарламаға түсу үшін шет тілін білу және халықаралық сертификаты (IELTS, TOEFL және т.б.) болуы. Егер үміткерде сертификат болса,  Ұлттық тестілеу орталығында шет тілін меңгеру бойынша тест тапсырудың қажеті болмайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер