Алматы әуежайы ауа-райына байланысты уақытша жабылды

14387
Adyrna.kz Telegram

Алматы әуежайы ауа райына байланысты келушілер үшін жабылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты мұзданып қалуға қарсы жұмыстарды жүргізу уақытша мүмкін болмай тұрғанын хабарлады. Алматыдан ұшулар ауа райы жақсармайынша тоқтатылды", - деп хабарлады әуежайдан.

Сондай-ақ жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-ден бастап Алматы әуежайы келушілер үшін жабылатыны хабарланды. Алматы халықаралық әуежайы ауа райы жақсара салысымен жұмысын жалғастырады.

Қазір әуежай іші халыққа лық толы, тіпті бос орын жоқ.

Сондай-ақ, бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін атап өтті. Қар 15 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін жалғасады, қалыңдығы 8-10 см қар жауады деп күтілуде.

ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жолдады: құтқарушылар қалада басталған қалың қарға байланысты азаматтарды көліктерін ағаштардың астына қоймауды сұрайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер