Отандық CodiPlay технологиясын Сауд Арабиясындағы 200 мектеп қолданатын болады

672
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабиясында 200 мектеп CodiPlay стартапынан қазақстандық Edtech технологиясын пайдаланатын болады. Компания Эр-Риядта өткен LEAP 2024 технологиялық форумында жасанды интеллектілі оқу көмекшісімен (AILA) стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеп. 

Құжатқа Сауд Арабиясының Ұлттық технологияларды дамыту бағдарламасы (NDTP) және Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің ((MCIT) қолдауымен қол қойылды, қазақстандық тараптан Сауд Арабиясындағы Қазақстанның Елшілігі қолдау көрсетті.

CodiPlay «Білім сапасын арттыруға және жастарды IT-технологиялар секторындағы болашақ мамандықтарға дайындауға бағытталған «Vision 2030* бастамасының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін» 200 жергілікті мектептің оқу үдерісінде пайдаланылатыны айтылды.

CodiPlay - бұл оқушылардың IT сауаттылығын дамытуға бағытталған кешенді білім беру шешімі. CodiPlay қолданбасы мобильді ойындарды пайдаланып Scratch, C++ және Python тілдерінде бағдарламалау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Қосымшада CodiKits де қол жетімді, олар әртүрлі IoT (заттардың интернеті) жобаларын жасауға мүмкіндік береді. Мәселен, бағдаршамнан бастап смарт үй жүйесіне дейін. Сонымен қатар, стартап мұғалімдерді қолдау үшін «CodiTeach» веб-платформасын әзірледі.

Пікірлер