«ӨзенМұнайГаз» шенділері 130 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

859
Adyrna.kz Telegram

«Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-нің директоры азамат Б. мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның № 3 мұнай-газ өндіру басқармасының директоры С. мырза 130 млн теңге көлемінде қаражат жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Сотта сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденіп, ұрлағаны үшін айыпталған «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-нің директоры Б. мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның № 3 мұнай-газ өндіру басқармасының директоры С.-ға қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды»,- деп хабарлады сот.

Оның ішінде 2018 жылдың 31 мамырында «ӨзенМұнайГаз» АҚ мен «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-і арасында 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған ұңғымаға сорғыны қысу құбырын электрцентрифугалық сорғыны орнатуға арналған толық жабдықты жалға алу бойынша қызметтер көрсетуге келісім жасалған.

Сондай-ақ, айыпталушылар Б. және С-ның бiрлескен заңсыз iс-әрекеттерiнiң бойынша 2020-2021 жылдар аралығында «ӨзенМұнайГаз» АҚ «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-ге 108,4 млн. теңге сомасында 2308 дана сорғыны қысу құбырының қаржысы мен оларды жалға алу үшін 21,7 млн. теңге сомасын ұстап қалмай, толық төлем жасаған.

«Осылайша, Б.-ның заңсыз иемдену арқылы ұрлап, өз қалауы бойынша кәдеге жаратуы нәтижесінде, «ӨзенМұнайГаз» АҚ атынан мемлекетке 130 108 118 млн. теңге көлемінде аса үлкен көлемде шығын келді»,- делінген хабарламада.

Сот барысында прокурор екі күдіктіні кінәлі ретінде танып, олардың әрқайсысын 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Пікірлер