Президенттік резервтен тағы бір кадр вице-министр болды

800
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Үкіметтің қаулысымен оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Президенттік резервтегі кадр Арай Асылбекқызы Оразова оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы прьемер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Жаңа қызметке тағайындалған Арай Оразова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

Жаңа қызметке тағайындалған маман Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Ол 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікірлер