Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға видеоүндеу жасады

240

Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне кірісе отырып, қала түрғындары алдындағы зор жауапкершілігін сезінетінін айтты.

https://www.instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ/?utm_source=ig_web_copy_link

Бақытжан Сағынтаев: "Құрметті алматылықтар! (...) Алматы - әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала - менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым - Алматыны әр тұрғын берекелі өмір сүретін қауіпсіз, қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Қаланың проблемалары мен даму стратегияларын сіздермен ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!", - деді Алматы әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде болған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер