Қазақстанда тұңғыш рет ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды

1233
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда тұңғыш рет Найля Базанова атындағы ғалым әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды. Бұл марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында дайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екеніне тоқтала келе, ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын айтты.

Шара барысында Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғалым арулардың еңбегін жоғары бағалап, салтанатты жағдайда Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысты. Осы салтанатты шараға Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Меруерт Әбусейітова қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

Пікірлер