Алматыда тағы жер сілкінді

1791
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

Алматыда тағы да жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұның афтершок екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді", - дейді ведомстводан.

Сейсмикалық стансалар желісі сағат 12:54 кезінде болған зілзаланың ошағы Алматыдан

оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында екенін растады.

Магнитудасы — MPV 5.3. Энергетикалық класы — 11.9.

Айта кетейік, бұған дейін 11.22-де қалада 5 баллдық жер сілкінісі сезілді. Оның эпицентрі Алматыдан 30 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан еді.

Комментарии