Түркістан облысында тропикалық құстар өсіріле бастады

711
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Сайрам ауданында тропикалық аймақта мекендейтін түйеқұс өсіріле бастады. Бұл туралы 24.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, түйеқұс өсірген жергілікті шаруа 2 жыл бұрын түйеқұстың 2 балапанын сатып алып, бағып көрген. Көбейте аларында көзі жеткен соң былтыр мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тағы 3 бас құс алыпты.

Манкент ауылының тұрғыны Санжарбек Болысовтың үйінде түйеқұстың бір жасар бес балапаны бар. Шаруа оларды қорада ұстайды. Күніне бір рет аулаға шығарып, сергітеді. Ал ауыл сыртындағы шағын шаруашалығында 4 бас аналық пен бір бас аталығын бағып отыр. Балапан кезінде күтімі жақсы болса, тез өседі. Әрі жергілікті ауа райына бейім, суыққа төзімді дейді.

"Өткен жылы 28-29 градус аязға дейін шыдады. Сол аязда осы жерде тұрды. Биыл 17-18 гардусқа дейін аяз көтерілді, жақсы. Ал ыстыққа шыдамды. Бізге жаңалық болып тұрғаны енді үйреніп жатырмыз. Қандай ерекшелігі бар, қандай қиындығы бар. Жолға қойып алсақ біз үшін қиын болмайды", - дейді кәсіпкер Санжарбек Болысов.

Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұстың бойы 2-3 метрге жетеді. Аталығының салмағы 140-150 келі болады. Әрбірі 100 келіге дейін ет береді. Жергілікті мейрамханалар келісін 4 мың теңгеден алуға дайын дейді. Еті қан қысымы және қант диабетімен ауыратындар үшін тапсырмас ем. Ал терісін аяқ киім, сөмке жасауға пайдаланады. Түйеқұс 60-70 жыл өмір сүреді. Жылына 45-50-ге дейін жұмыртқалайды.

Санжарбектің ендігі арманы оны көбейтіп, ауылда, ауданда дамыту. Кәдімгі қой, жылқы баққандай халыққа үйрету. Келешекте әр үйде болса, экспортқа шығару.

Өйткені бұның ішіндегі майы қымбат тұрады екен. Косметологияда, күйік шалған кезде пайдаланады екен. Жүз грамм майы 10 мың теңге тұрады. Кеше ғана біз біреуін бордақылап сойып көрдік, 3 литр май алдық. Ол өзінің 1 жыл жейтін жем-шөбінің ақшасын ақтайдый, - дейді кәсіпкер.

Пікірлер