Шахтада қайтыс болған кеншілерге арнап ескерткіш орнатылмақ

1029
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан жаңалықтары арнасынан
Фото: Қазақстан жаңалықтары арнасынан

Қарағандыда шахта апатынан қайтыс болған кеншілерге арнап ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 46 кенші қаза тапты.

Ал қайтыс болған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрап, бейне үндеу жасаған еді.

Бүгінде кеншілердің құрметіне орнатылатын ескерткіштің жобасы таныстырылды.

"Қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу өткізді. Біздің компания монумент салуға қаражат бөлу туралы түбегейлі шешім қабылдады", - деді" Qarmet" АҚ Еңбек қатынастары жөніндегі директоры Ерболат Дүйсіпов.

Мемориалдың жобасын әщірлеп, ұсыну әйгілі мүсінші Игорь Баграмовке бұйырды.

"Қазір біз макет, жоба, эскиздер ұсындық. Оның қай жерде орнатылатыны талқылануда", - деп түсіндірді мүсінші.

Пікірлер