Армия - мемлекеттің биік қорғаны

1722
Adyrna.kz Telegram

Биыл Қазақстан Армиясының құрылғанына 32 жыл толып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның қорғаны болған Қарулы Күштері құрылғалы шекара шегенделіп, елдің тұтастығы арта түсті. 30 жылдан астам уақыт бір ғасырға жуық уақытпен тең деуге де болады.

Себебі тәуелсіздігін енді алып, өз алдына "мемлекет" болған Қазақстанда жаңадан министрліктер құрылып, елдің қорғаныс доктринасы қабылданып, түрлі құрылымдық жүйелерді құрып, әрі сап түзеген әскерді замануи қару-жарақпен қамтамасыз ету оңай емес. Одан бөлек армиядағы әлеуметтік және қаржылық жағдайын шешу де өз алдына үлкен жұмыс.

Мемлекеттегі қорғаныс деңгейінің жоғары болуы үшін түрлі шаралар кешені толық жүргізіліп, тек сол арқылы ғана қалыптасады.

Осыдан 32 жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 7 мамырындағы  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай Қарулы Күштер сап түзеді.

Тұңғыш президенттен соң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілді.

Президент Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кезекті кездесуінде елдегі сарбаздардың жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап еткен болатын. Себебі қазірде қоғамда туындап отырған геосаяси жағдаймен қоса өңірлік деңгейдегі ағымдағы қауіптерді ескере отырып толассыз. Оны ешкім де алдын ала болжап біле алмайды. Осы үшін де Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруы талап етіліп келеді.

Еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысының айтуынша, мемлекет басында отырғандар халыққа сыртқы және ішкі қауіптер туралы дәл уақытында сенімді ақпаратпен бөлісіп, хабарландырып отыруы керек. Осы арқылы әскери барлауды да күшейту қажет. Тоқаев Жарлығына сәйкес Қарулы күштерге арнайы ерекше миссия да жүктелген.

Ең өкініштісі елімізде бірнеше жыл бұрын оқ-дәрі қоймаларында жарылыс болып, біраз адам зардап шеккен болатын. Мемлекет басшысы да мұндай төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу керектігін мықтап ескертті. Сонымен қатар, Қазақстан әскерінің техникалық және жауынгерлік техникасын жаңарту міндеті жоспардың алғашқы бөлігінде тұр. Президент өз сөзінде:

“Әскерлерде кеңестік кезеңнен қалған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 30-50 жыл бұрынғы үлесі әлі де бар. Ескірген техниканың қызмет ету мерзіміне жету қарқынын ескеріп, қару-жарақ паркін толықтыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауымыз тиіс", - деді Президент - Жоғарғы Бас қолбасшы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шепте бой түзеген сарбаздармен кездесуде жауынгерлерге қуат бері, рухтандырды. Өз сөзінде Президент әскерилердің мойнына жүктелген міндеттің ауыр да жауапкершілікке толы екенін еске салды.

"Отан қорғаудан артық міндет жоқ! Армия – мемлекеттің берік қорғаны. Бүгінгі әскер – байрақты батыр бабалардың ұрпағы! Осыны ешқашан ұмытпаған жөн", - деді Президент.

Қазақстан - ұлан-байтақ жердің иесі. Қаншама км жерді қорғау үшін дайындық та өте жоғары  болуы тиіс. Себебі Қазақстан үшін тек өз елінің, халқының ғана тыныштығы емес, тұтас әлемнің бейбітшілігі маңызды. Тұтастық пен бірліктің символына айналған Қазақстанды қорғау Қарулы Күштерге міндеттелген жауапкершілігі мол міндет.

Пікірлер