Көлік министрі жеке тұлғалар тарапынан қысым жасалғанын айтты

829
Adyrna.kz Telegram

Көлік министрі Марат Қарабаев оның ведомствосына көлеңкелі бизнестен қысым жасалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Көлік министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының тұрғындары министрге халықаралық жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерін берудің әділетсіз жүйесіне шағымданды. Министрлікке тағылған айыптарға жауап ретінде Қарабаев шетелдік рұқсат бланкілерін (ИБР, рұқсаттар) заңсыз қайта сатуға тосқауыл қоюға уәде берді.

"Рұқсаттар төңірегінде көлеңкелі бизнес қалыптасты. Бланкілерді сату комитет қызметкерлерінен емес, бір көлік компаниясынан екінші көлік компаниясына сатылуда. Бұл дұрыс емес. Сондықтан әдістемені өзгерткіміз келеді», - деді министр.

Оның айтуынша, бірінші кезекте нақты жүктері бар әрбір адам бланкілерді ала алатындай басымдық принципін жоспарлау қажет. Бұл жағдайда алып сатуды болдырмау үшін бланкілер жекешелендіріледі.

"Көлеңкелі нарыққа әлдеқашан еніп кеткен тұлғалар мұнымен келіспей, министрлікке ақпараттық қысымды ұйымдастырды. Бірақ біз бастаған істі аяқтаймыз. Өйткені тәртіп болуы керек. Бланкілерге қолжетімділік барлығына бірдей болуы керек», – деді Марат Қарабаев.

Пікірлер