Геологиялық барлауды қаржыландырудың жеткіліксіз екені айтылды

813
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dragmet.kz
Сурет: dragmet.kz

Қазақстанда геологиялық барлау саласына қаржы тым аз бөлінеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі kapital.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елімізде пайдалы қазба қорлары сарқылып, кен орындары таусылып жатыр. Сондықтан геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру қажет.

«Өкінішке қарай, геологиялық барлауды қаржыландыруы төмен деңгейдегі елдер қатарына жатамыз. Қазақстанда қазір бір шаршы шақырымды қаржыландыру 8 долларды құрайды. Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш 25 доллар, Өзбекстанда 98 доллар болып отыр», - деді Ерлан Ақбаров.

Төраға геологиялық барлауды жеделдету керек екенін айтып, бұл салаға инвестицияны арттыру қажеттігін түсіндірді.

«Геологиялық барлауды жеделдету керек. Бір өкініштісі, экономикамыздың негізін қалауға, геологиялық салаға, жалпы минералдық-шикізат кешенін дамытуға тым аз көңіл бөлінуде. Инвестиция көлемінің ұлғаюы байқалмағанын баса айтуымыз тиіс»,—деп толықтырды ол.

Пікірлер