Қазақстандағы туризмнің дамуы мен мүмкіндіктері

946
Adyrna.kz Telegram
Gov.kz
Gov.kz

Туризм - бұл жергілікті және шетелдік туристерді тартуға және оларға қызмет көрсетуге бағытталған салалар мен іс-шаралар кешені.

Мемлекет үшін туризм саласының дамуы аса маңызды. Себебі мемлекетке туристерді тарту, әдемі нысандарды қолдау - мемлекет тарихының дамуына, елдің ішкі-сыртқы саясатына тікелей әсер етеді.

Елдегі туризмнің маңызды аспектілеріне туристік инфрақұрылым, табиғи және мәдени ресурстар, туристік іс-шаралар мен қонақжайлылық, көліктік инфрақұрылым мен экономикалық әсері жатады.

Туристік инфрақұрылым - жайлы тұру мен демалуды қамтамасыз ететін түрлі қонақ үй кешендерінің, мейрамханалардың, көлік құралдарының, ойын-сауық орталықтарының және басқа да объектілердің болуы. Яғни, елге келген шетелдік туристер не болмаса жерлестер өз Отанының тарихымен жақын танысуы үшін жақсы жағдай жасалуы тиіс. Осы тұста өңірлік әкімдіктер мен министрліктен бірқатар бағдарламалар ұйымдастырылып, жағдай жасалуда.

 

Табиғи және мәдени ресурстар - тартымды табиғи сұлулық, мәдениет және тарих ескерткіштері, ұлттық саябақтар, мұражайлар, театрлар және туристерді тартудың орталық нысандарына айналатын басқа да көрнекті орындар. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан бірнеше тарихи нысандар мемлекет меншігіне өтіп, туристердің қатынауы үшін жағдайлар жасалуда.

Арнайы кезең сайын ұйымдастырылып отыратын туристік іс-шаралар мен фестивальдар – туризм саласын одан әрі дамытуда. Мемлекеттік, халықаралық жиындар арқылы елдің атын тек шекараға дейін емес, әлемге танытуға көптеген мүмкіндіктер қарастырылып келеді.

Туризм десе ең әуелі транспорт еске түсетіні де жасырын емес. Көлік инфрақұрылымының дамуы - саяхат ыңғайлылығы, соның ішінде автомобиль, теміржол және әуе жолдарының дамыған желісі. Еліміздің түрлі туристік орталықтарына әуе, су, құрлық арқылы жетуге мүмкіндік бар.

Қазақ халқы – ең қонақжай халық. Қонақжайлылық және қызметтің болуы Қазақстанға келушілер үшін жағдай жасау арқылы достық қабылдау және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін танытады.

Қазақстандағы туризм ол табиғи сұлулықты, мәдени мұраны, тарихи ескерткіштер мен қазіргі заманғы қалаларды қамтитын алуан түрлі бағыт болып табылады.

Туризм елдің экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, мәдени алмасуға және әлемдік аренада оң имиджді қалыптастыруға ықпал етеді. Дегенмен, туризмнің сәтті дамуы табиғатты сақтау және жергілікті дәстүрлерді құрметтеу үшін экологиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілерді ескеруді талап ететінін де естен шығармаған жөн.

Пікірлер