Мас күйінде көлік жүргізген аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылуы мүмкін

1043
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық деркккөз
Фото ашық деркккөз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2024 жылғы 27 ақпанда Үкіметте өткен брифингте Зеренді ауданы әкімінің орынбасары рөльде мас күйінде ұсталғаны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ахметжанов құқық бұзушыны жұмыстан шығару туралы мәселе болуы мүмкін екенін растады. Қазіргі уақытта шенеунік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ары қарай мемлекеттік қызметкердің тағдырын комиссия шешеді.

"Оның әрі қарай мемлекеттік қызметте қалу мәселесі қаралып, шешілетін болады, өз басым мұндай заңбұзушылықтарды құптамаймын және Ішкі істер министрлігі енгізген жүйе қазір мас жүргізушілерді анықтап жатқанына қуаныштымын. Олардың біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін білесіздер. Мен мұндай нәрселерге өте қатал қараймын. Менің ойымша, мемлекеттік қызметте оларға орын жоқ", - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, 12 ақпанда Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Орташа дәрежеде мас күйінде көлік  басқарған шенеунікті полиция қызметкерлері тоқтатқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер