Қазақстандық спортшылар суға секіру спортынан алғашқы жүлдені иеленді

3003
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-26-at-17.44.15.jpeg
Су спортынан өтіп жатқан чемпионатта ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ел қоржынына алғашқы медаль да түсті.
Синхронды секіру бағдарламасында қазақстандық спортшылардан 19 жастағы Диана Жұмағұлова – 16 жасар Анабелла Кочкина жұбы өнер көрсетуде. Спортшылар 187,53 ұпай көрсеткішімен күміс медаль жеңіп алды.
Комментарии