Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды. Президент заңға қол қойды

11895
Adyrna.kz Telegram
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде ұялы телефон пайдалануды шектеуді ұсынатын заң жобасын қарастырған еді. 1 ақпанда заңды сенат депуттары мақұлдады.

Оқу-ағарту министрінің орынбасары Наталья Жұмаділдаева шектеу тек оқу процесі кезінде ғана қолданылатын түсіндірді.

«Біз балаға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу туралы айтып отырған жоқпыз. Көптеген ата-ана қажет кезінде баласымен байланыса алмай қаламыз деп ойлайды. Шын мәнісінде шектеу тек сабақ барысында ғана қолданылады»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер