ChatGPT-дің қазақ тіліндегі аналогы жасалды

1160
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rbc.ru
Сурет: rbc.ru

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жасанды интеллект ҒЗИ ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі.

Зерттеушілер мемлекеттік тілдегі жасанды интеллект жүйесін 5 айдың ішінде әзірледі. ChatGPT чат-ботының қазақстандық үлгісі үлкен көлемдегі деректерді талдай алады, сұрақтарға жауап береді, мәтіндер құра алады, сонымен қатар қазақ тілінің барлық морфологиялық және синтаксистік ережелерін біледі.

«Біз қазақ тілінде бірінші ірі LLM тіл үлгісін жасадық. Жүйе нейрондық желі архитектурасы негізінде қазақ тіліндегі кез келген мәтінді түсінуге және өз біліміне сәйкес жауап беруге қабілетті. Біздің ChatGPT прототипіміз қазақ тілінің ережелерін түсінеді, әріптер мен буындар, сөздер мен сөйлемдер арасындағы барлық тізбектерді есте сақтайды, сонымен қатар синтаксистік және грамматикалық тұрғыдан дұрыс әрі пайдаланушының сұранысына сәйкес келетін дәрежеде жауап бере алады»,—деп атап өтті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлібек Барлыбаев.

Ғалымдар жүйенің қазақ әдеби шығармаларын, нормативтік құжаттамалар мен ғылыми материалдарды дайындау бойынша тәжірибелер жүргізіп көрді. Олар жасанды интеллект моделін білім беру үрдісінде қолдануды ұсынбақ. Чат-боттың білімін қажетті ақпаратты нақтылау үшін пайдалануға болады.

Бүгінде ІТ саласындағы ғалымдар мен мамандар жобаның техникалық және серверлік мүмкіндіктерін нығайтып, одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Пікірлер