Қазақстан мен Ресей жемқорлыққа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтпақ

1795
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің Ресейдің Бас прокуроры Игорь Красновпен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде өзара құқықтық көмек көрсету, цифрлық шешімдерді пайдалану, адамдарды іздестіру, оқытуды ұйымдастыру, бірлескен жобаларды іске асырудың басым мәселелері талқыланды.

Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару, оларды қаржылық тергеу жүргізу кезінде анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Біз Агенттіктің жұмысында алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың теңгерімін саналы түрде қамтамасыз етуге тырысамыз, жемқорлықсыз қоғам құру мақсатында азаматтармен белсенді қарым-қатынас жасаймыз. Біз өзара іс – қимыл үшін ашықпыз және бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз», - деді Асхат Жұмағали.

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің органдары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Пікірлер