Қазақстанда дәрі-дәрмек сапасы қайта қаралатын болады

1928
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/dәri-dәrmek-960x500.jpg?token=5a5871e5216f266d1f36b459886dedc2
Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады. Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова препараттардың сапасын бақылау басты басымдыққа айналатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады», - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Сондай-ақ, ол соңғы жылдары 2 еседен астам өскен АДҚ шығындарының өсуі үлкен алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50%-ға қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке орай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді.
Комментарии