Бәріміз Ресейде өтетін президент сайлауын күтіп отырмыз - Президент Тоқаев

956
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы «Болашақ ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне барды. Президент шақырту үшін Ресей президентіне алғысын білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

”Бұл – біздің жаңа жылдағы алғашқы кездесуіміз, Владимир Владимирович. Біз бәріміз Ресейде 17 наурызда өтетін президент сайлауын күтіп отырмыз. Түпкілікті нәтиженің ойдағыдай боларына күмәніміз жоқ. Өйткені Ресей Сіздің беделді басшылығыңызбен таңқаларлық табысқа қол жеткізіп келеді. Шын мәнінде, Сіз өз мәлімдемелеріңізбен, іс-әрекетіңізбен жаһандық күн тәртібін қалыптастырасыз. Бұл біздің ынтымақтастығымызға және Сіздің былтыр қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Менің ойымша, қос тарап, екі елдің үкіметтері аталған уағдаластықтарды табысты жүзеге асырып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар”, – деді Қазақстан Президенті.

Пікірлер