Елбасыдан аластау аясында. Ұлттық пантеон ережесі өзгертілмек

7958
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды “Адырна ұлттық порталы “КазТАГ” ақпараттық агенттігіне сілтеп.

“Пантеон аумағында жерлеуге қайтыс (қаза) болған мынадай тұлғалар жатады: Қазақстан Республикасының президенттері және олардың отбасыларының мүшелері; Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары; министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалар; «Алтын қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар; «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтар «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар; Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар; Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың кейін қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін” делінген болатын 2020 жылғы қабылданған қаулы ережесінде.

Ал ендігі қабылданатын жаңа ережеде “Қазақстан Республикасының президенттері және олардың отбасыларының мүшелері” пункті алынады.

Сонымен бірге, билік пантеон аумағында «Естелік қабырғасы» монументі бар мемориалдық ғимарат пен естелік мұражайын (XX-XXI ғасырлар) салу жоспарынан бас тартпақшы.

 

Пікірлер