"Іс тоқтатылды". DALA INSIDE дауына қатысты департамент мәлімдеме жасады

1141
Adyrna.kz Telegram

DALA INSIDE басылымының бас редакторына қатысты жүргізілген істің тоқтатылғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Астана қаласы Полиция департаменті өз инстаграм аккаунтында тиісті хабарлама берді:

"Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны "365info.kz" және "DALAINSIDE" интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірді Оның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды" делінген хабарламада.

Өз тарапынан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева істі жеке бақылауында ұстап отырды.

DALA INSIDE редакцияларының ұжымы өз телеграм арналарында істі объективті қарастырған Ішкі істер министрлігі мен салалық қолдау білдірген Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыстарын айтты.

Еске сала кетейік, DALA INSIDE басылымына 2023 жылдың 25 желтоқсанында жарияланған материалға байланысты шағым түсірілген болатын. Бас редактор кейін «G-Park» құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовтың өтініші бойынша Астана полиция департаментіне жауап алуға шақырылды.

Пікірлер