“Жигули” ма, “Нива” ма? Путиннің Кимге сыйлаған көлігі аталмайды

840
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея мемлекетінің басшысы Ким Чен Ынға ресейлік көлік сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Кореяның орталық ақпарат агенттігіне (KCNA) сілтеп.

Сыйланған көліктің маркасы мен үлгісі аталмады.

KCNA хабарлағандай, Ким Чен Ынның сыйлығын 18 ақпан күні Кореяның жұмысшылар партиясы (КЖП) Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, әпкесі Ким Ё Чжон мен ұйымның хатшысы Пак Чон Чхон қабылдап алған.  Ким Ё Чжон "бұл сыйлық екі елдің көшбасшылары арасында қалыптасқан ерекше достық қарым-қатынастың айқын дәлелі» және «ең жақсы сыйлық» екенін атап өтті. Ол Путинге алғысын білдірді.

Ресей басшысы 2023 жылы қыркүйекте Ким Чен Ынға «Шығыс» ғарыш айлағына келген кезде Aurus көлігін көрсетті. Путин кездесу орнына дәл осы көлікпен келді. Ким Чен Ын артқы жолаушы орындығына отырып көлікті алдымен сыртынан, сосын ішінен жіті тексерді. Бұл ретте Путин әріптесіне көліктің сипаттамалары туралы айтып берді.

Ким Чен Ын "Майбах" лимузинін жиі пайдаланады.

Пікірлер