Ақмола облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім куәлігінен айырылды

1085
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған әкім, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Виктор Александрович Рукавишников 608-баптың 1-бөлігінде (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылсын», - делінген Зеренді аудандық сотының қаулысында.

Белгілі болғандай, Викторовский ауылдық округінің әкімі Виктор Рукавишников 17 ақпанда мас күйінде Nissan Almera көлігінің тізгініне отырған. 17 ақпандағы медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Рукавишниковқа таңғы сағат 1.51-де жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде көлік жүргізді деген құқық бұзушылық тағайындалған.

Сот отырысында Рукавишников В.А әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Пікірлер