Желге ұшқан әріптер. Әкімдік қала атауын жөндеуге 18 млн теңге жұмсамақ болған

1142
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Антикор Ақмола облысында бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ақмола облысында "Көкшетау" жазуын түзету үшін мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы бөлмек болғаны анықталды.

2023 жылдың шілдесінде қолайсыз ауа райына байланысты Көктештау қаласындағы жазудың «ТАУ» әріптерінің металл конструкциясына зақым келген болатын.

Әкімдік жел қиратқан әріптерді қалпына келтіру үшін, сонымен қатар, «Көкше» жазуындағы әріптерді нығайту үшін бастапқыда 18 млн теңгеге жуық қаражат жұмсамақ болған.

Қоғамдық резонанс тудырған жағдай антикордың да назарынан тыс қалмаған.

"Мониторинг шеңберінде өңірлік Антикор өкілдері объектіге барып, құрылымды орнату және жөндеу барысын қадағалады. Сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізіліп, онда департамент қалпына келтіру жұмыстарының бағасын төмендету және жазуды жөндеу сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Нәтижесінде қала әкімдігі шарттың құнын 4 млн теңгеге төмендетті. Бұл ақшалай қаражатты мәслихат сессиясы өткізілгеннен кейін қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттілігіне бөлу жоспарланған", — деді ведомстводан.

Пікірлер