МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРЫС ҚАЛАСЫН АРАЛАП ШЫҚТЫ

2076
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Арыстағы оқиғаны естіген бойда кешқұрым Арысқа барып, халықтың жағдайын біліп қайтты. Бұл халықты әрине, қуантпай қоймады. Себебі, қара халық Президенттен бұндайды күтпеп еді. Тіптен қарапайым киіммен барып, әр халықтың шағымын, мұң-мұқтажын тыңдап, басу айтып, өз уәдесін берді. Бұны да бір ерлік десек артық айтқанымыз емес-ау, сірә?!

Президент қаланы айналып шығу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді.

Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер