Студенттердің тарап кеткен жеке мәліметі туралы министр реакция білдірді

1060
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі

Жоғары оқу орындарында білім алатын студент қыздардың жеке деректері тарап кетті, деп хабардайды "Адырна" тілшісі.

Бұл жағдайға қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.

WhatsApp қосымшасында 190 адамнан тұратын тұтас топқа студенттер тізімі бар 4 құжат жіберілген. Ол құжатта студенттердің жеке деректері, ЖСН, ұялы телефон нөмірлері, аты-жөндері мен жеке медициналық мәліметтер де тараған.

Құжатта арнайы қызыл түспен белгіленген студенттер міндетті флюорографиялық бақылаудан өтуі керек болған.

Топқа келген тізімдерде студенттер туралы тым жеке ақпараттар да болған. Онда қыздардың "қыз", қайсысы "қыз емес" екені туралы ақпарат та болғаны айтылуда.

"Бұл жерде тікелей заң бұзушылық болғандықтан мәселе бақылауға алынды. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселе болып отыр", - деді министр Саясат Нұрбек.

Министр бұл деректі тарауына себеп жауаптылардың салғырттығы екенін айтты.

"Мойындау керек, бұл мәселені заңмен қатаңырақ реттеу керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. Университетте мұндай фактілердің бар екені қынжылтады. Жеке деректер өте құпия ақпарат болып табылатыны туралы қатаң заңнамалық талап болмайынша, мәдениет өзгермейді", - деп түсіндірді ол.

Пікірлер