Home » Басты тақырып » Арыстағы жарылыстың соңы қалай бітеді?

Арыстағы жарылыстың соңы қалай бітеді?

Енді бір – екі генералдың уақытша ғана басы кетеді . Басы емес,  астындағы столымен қолындағы мансабы кетеді . Ал әскери бөлімшенің басшысы ол жазаланады . Бірақ адам шығыны болмаса олд а соңын суытады . Қысқасы бүгін – ақ айқай шу болып кім кінәлі деп аудан , облыс сондай – ақ Астанадан комиссиялар ағылады . Оны жорғалап жүріп бәрі күтеді . Қазы – қарта , жал – жаясын , арағын , саунасын , қонақүйін дайындайды . Сөйтіп ВИП деп аталатын арнайы жезөкшелерді сыйға тартады , олардың саудасы жүреді .

Өйткені ол қыздардың бір түні 250 мыңнан 1 000 000 – ға дейін барады . Қызық міне, осыдан соң басталады . Халыққа жеткен шығын есептеледі . Оны екі – үш есе қылып есептеп, Өкіметке жеткізеді . Оған өкімет қаражат бөледі . Ал осы жерде өзара тартыс басталады . Тап бүгін – ақ алдағы тендер менікі деп ақшасын алып шенеуніктердің есігі алдында тұрған құрылыс компанияларының өкілдерін көрсеңіздер таң қалмаңыздар . Бұл система солай жұмыс жасайды . Бұл үйреншікті жағдай . Сонымен әрі қарай не болады …
Әрі қарай уақыт өтіп бұл жарылыс ұмыт бола бастайды . Анда – санда бір бейшараны әрі – бері сүйрелеп жүрген сот процессін тв – дан көрсетеді . Әрине тергеу амалдары жүріп жатыр дейді . Онан әрі ештеңе айтылмайды , көрсетілмейді . Себебі біздің елде мұндай болмауы тиіс . Өйткені біз дамыған 30 – елдің бірінде тұрамыз . Жағдайымыз жақсы бал жеп сүтке шомылып жүрміз . Бірақ қызықтың қызығы Өкіметтегі ақша осында кеп түскенде басталады . Өйткені ол ақшаның 30 – 40 пайызы откат боп Бәке , Сәкенің қалтасына түседі . Ал жоғарыға беріп қойған құрылыс компаниясы жұмысшыны жалақысынан қысады . Яғни жарытып ақша бермейді . Енді сіз ойлап көріңіз . Тұрғын үйлерге жеткен шығынды есептеп комиссия құрамыз . Міне сол комиссияда төгілгеннен жалап қалады . Ақша тықсаң екі – үш есеғып шығын жазып береді . Ал ақшаң болмаса шығынның жары ақшасынғана аласың . Неге дейсізбе , өйткені сенің жары шығының ақша берген біреудің үйіне қосылып кетті . Қысқасы үш айдансоң ешкімге ештеңе болмайды . Ешкім сотталмайды . Ал мансабы мен столынан айрылғандар үндемей кеп бұрынғы орындарына отыра салады . Бұл оларға үш айлық еңбек демалысына барып келгенмен бірдей . Ал егер сол адамдар орнына қайта келмесе , оғанда таң қалмаңыз . Өйткені олар лауазымы өсіп Астанаға кеткен болуы мүмкін . Міне бұл ақиқат , бұл шындық. Қазақ халқы осындай қитұрқымен өмір сүре береді , ашынады , жылайды бірақ шыдайды . Өйткені тағыда сол қит етсе болды Имамдар шығады . Ойбай басшыға қарсы шығуға болмайды , ел аман , жұрт тыныш . Ең бастысы соғыс жоқ деп , болмайтын соғыспен қорқытады . Оларға Сабырбайлармен , Шүкірбайлар қосылып тәубеге шақырады . Міне мұның соңы белгілі . Ия , ия дұрыс айтады , бастысы соғыс жоққой , деніміз сау , отбасымыз аман . Бұл бізге Құдайдан келген іс деп баяғы кәпір тонға оранып Қазақ сорлы өмір сүре береді .

Ғани Әлихан

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Серік Елікбай. Ақ пен қара

Біз алдандық деп егілді, мен білер беделдер “сайлау” операциясынан соң. Неге дер сұрақ туары анық. ...