Алматыда әріптесін абайсызда өлтіріп алған полицейге үкім шықты

2144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Алмалы аудандық сотында өзінің әріптесін абайсызда атып өлтірген полицейге үкім шықты. Бұл туралы Алматы қаласының соты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр жазда болған еді. «Сотталушы ғимаратты күзету бойынша ауысымға келген. Әрі қарай оның әріптесі табельдік қаруды алғаннан кейін К. есімді сотталушыдан белбеуін бекіту үшін қаруды ұстай тұруын өтінген. Табельдік қаруды алған сотталушы оны қолданудың барлық ережелерін елемей, төмен және жоғары тербете бастаған. Салдарынан сотталушының абайсызда атқан оғы марқұмның басына тиген», - делінген қалалық сот хабарламасында. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Ал прокурор оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. «Сот Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігімен сотталушыны 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Одан жәбірленушінің туыстарына 10 млн теңге моральдық залал және шамамен 3,5 млн теңге материалдық залал өндіріп алынды», - деп мәлімдеді ведомство.  
Комментарии