"Жағдай қиын". БҰҰ Рафахтағы бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды

894
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Біріккен Ұлттар Ұйымы Рафах қаласындағы бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Euronews-ке сілтеп.

Бірнеше күн бұрын Израиль Рафах қаласының маңына соққы жасап еді. Шабуылшылар бұл Хамастың соңғы бекінісін екенін айтады.

Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласын атқылауы салдарынан кемінде 28 адам қаза тапса, ондаған адам жарақат алған.

БҰҰ бас хатшысы Стефан Джжаррик Израильдің Рафах қаласына шабуыл жасаған жағдайда тұрғындарды құтқару қиын болатынын айтты.

"Біз бейбіт тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз олардың киінуін, медициналық көмек алуын, құрғақ және жылы екеніне көз жеткізуге тырысамыз. Бірақ оларды танк отынан, артиллериялық снарядтардан және т.б. қауіпті қарулардан қорғау мүмкін болмай тұр. Қазір не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз», - деді бас хатшы.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жұма күні әскерилерге шабуыл басталғанға дейін Рафахтан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жоспарын әзірлеуді бұйырған болатын. Дегенмен БҰҰ сарапшыларының сөзінше Газалықтардың басқа барар жері жоқ. Олар Египетпен шекарада тұрақтаған.

Қазір Рафахта тұратын көптеген палестиналықтар Израиль шабуылына ұшыраса да өз жерін тастамайтындарын айтады.

Пікірлер