Түркиялық тұрғындар “киіз үйден көшкісі келмейді”

984
Adyrna.kz Telegram
Бейнежазбадан скриншот
Бейнежазбадан скриншот

Жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия азаматтары қазақтың киіз үйлерінен көшкісі келмейтінін жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы КазИнформ Telegram парақшасында бейнежазба жарияланды.

Қахраманмараш провинциясының губернаторы 2023 жылы ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін қазақтар жіберген киіз үйлерде тұратын Түркияның тұрғындары киіз үйден контейнерлік үйлерге көшкісі келмейтінін айтқан. Бұл ақпаратты ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген облыс әкімі мәлімдеді.

«Біз барлық шатырларды алып тастадық, бірақ киіз үйлеріңізді әлі де бұза алмадық. Халық оларға өте риза. Олар контейнерлік үйлерге көшкісі келмейді», - деп жеткізген губернатор.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ақпан айында қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия еліне көмек ретінде киіз үй сатып алуға 18 млн жинаған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер