Мағжан жолындағы ақын “Сайран” – Хамза Абдуллин

4265
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бүгін, 10 ақпан ақын, аудармашы Хамза Абдуллиннің туған күні.

Хамза Абдуллин 1919 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында дүниеге келген.

Аудармашы грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез»аудармасымен танымал.

Ақынның алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурста «Шойын жолда» атты дастаны жеңіске жеткен.

1937-1940 жылдары Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, «Социалистік Қазақстан» газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болады.

Ақын өзінің Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп, Түркістан легионында болғанын, онда да қудаланғанын, кейіннен Берлиндегі Мәулікеш Қайбалдинмен кездесуден кейін “Сайран” болып өлең шығарып жүргені туралы  «Мұстафа мен Мағ­жан – Тұран елінің даналары» атты кітабында егжей-тегжейлі жазады.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер