«Жүйелі жұмыс орнап, бюджет қаржысына қол сұғатындар азаяды деген сенімдемін»

700
Adyrna.kz Telegram

Журналист, саяси сарапшы Арнұр Шакерханов бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портплы.

«Әлем елдері арасында қай саланы алсақ та бәсекелестік күшейіп тұрғанын барлығы білер. Әзірге алысқа бармай-ақ өзіміздің аймақта көшбасында тұрсақ жеткілікті деп ойлаймын. Орталық Азияда инвестицияға таласа алатын елдер бар екені баршаға мәлім. Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты – Ұлттық инфрақұрылым жоспары» деді.  Яғни біздің қазіргі мақсат ел ішіндегі инфрақұрылымды ретке келтіру. Біріншіден жолдың сапасына зер салу керек. Шетелдік инвесторлар ауыл-аймақтағы немесе алыс жатқан өңірлердегі кей жолдарды көріп ойынан айнып қалуы әбден мүмкін. Қарапайым ғана мәселе болғанымен сұрақты осыдан бастап шешу керек. Күні кеше Үкімет басына Олжас Бектенов мырза келді. Жүйелі жұмыс орнатып, бюджеттен бөлінетін қаржыға қол сұғатындардың қатарын азайтады деген сенімдемін. Осындай қасиеттерге ие басшының арқасында еліміздің инфрақұрылымы жақсарып, жолдарымыз жөнделер», - деді Арнұр Шакерханов.

Пікірлер