295 контейнер есірткіні жұтып қойған. Ақтау әуежайында екі шетелдік ұсталды

2318
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 295 контейнер есірткіні жұтып қойған "жұтқыштар" деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, 24 қаңтарда ҰҚК Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстаған.

“Жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-ды құрады”, – делінген мәліметте.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғаны айтылады.

“Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деп қосты ҰҚК.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер