Балаева жаңа Премьер-министр туралы өз ойын айтты

953
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Аида Балаева еліміздің жаңа Премьер-министрі Олжас Бектенов туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат және мәдениет министрлігінің басшысы Аида Балаева бұған дейін Олжас Бектеновпен бірге жұмыс істегенін айтып, ол туралы өз ойын жеткізді.

«Мен онымен бірге жұмыс істедім. Ол өте жауапты, әрі еңбекқор. Ол мемлекет қайраткері. Сондықтан оның қолынан келеді деп ойлаймын. Ол өте тәртіпті. Біріншіден, оның өзіне, сәйкесінше, қарамағындағы басқа да қызметкерлерге қояр талабы зор», - деді Аида Балаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында.

Сондай-ақ Балаева журналистердің Мәдениет және ақпарат министрі қызметін сақтап қала ма деген сұрағына да өз жауабын берді.

«Оны көре жатармыз, ол депутаттардың қалай қолдайтынына байланысты», - деп жауап берді Аида Балаева.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер