Жоспарланған үш метро желісінің бағыты анықталды

1330
Adyrna.kz Telegram
Сурет: planetofhotels.com
Сурет: planetofhotels.com

Әкімдік үш жаңа метро желісінің қандай болатынын және қай жерде болатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

25 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте Алматы қаласының көлік жүйесін дамыту жоспарлары, оның ішінде метрополитен мен жаңа желілерді одан әрі дамыту жоспарлары ұсынылған болатын.

Осыған байланысты қалалық әкімдік үш жаңа метро желісінің қандай болатыны және қайда орналасатыны туралы Tengrinews.kz сайтының сұрағына жауап берді:

Жібек жолы станциясынан басталатын шығыс желінің ұзындығы 12,8 шақырымды құрайды. Бұл арақашықтықта 8 станция қамтылады. Аталған бағыт Гоголь көшесінің бойымен шығысқа қарай Орталық мәдениет және демалыс саябағы арқылы ҮАААЖ-ға дейін, содан кейін Құлжа тасжолы бойымен солтүстік-шығыс бағытта әуежайға қарай өтеді. Аралық станциялардың бірі ҮАААЖ-ден Құлжа тасжолына өту аймағындағы "Шығыс" көлік торабы болады.

Солтүстік бағыттағы үшінші метро желісі Сайран станциясынан басталады. Ұзындығы 16,4 шақырымды құрайтын бұл бағытқа 15 станция кіреді. "Сайраннан" солтүстік бағыттағы желі Брусиловский көшесінің бойымен, одан әрі Солтүстік айналма тасжолымен (көтерме-бөлшек сауда базарлары арқылы) және шығыс бағытта М.Жұмабаев көшесімен "Көкмайса", "Қарасу", "Айнабұлақ" шағынаудандары арқылы Хмельницкий көшесіне дейін өтеді.

Жер үсті метросының тағы бір желісі Солтүстік басқарудағы "Алматы-2" станциясынан Сүйінбай көшесі бойымен "Алматы-1" вокзалына дейін созылады. Желінің ұзындығы - 8,5 километр. Жобалау кезінде станциялардың саны мен орны анықталады.

Бұл жоба Мемлекет басшысына ұсынылған сызба бойынша 2030 жылға дейін әзірлену керек.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер