Әскер халықты қорғай ма?

579

Дүниенің диктатура орнаған елдерінде басшылары халыққа қарай қару ретінде жұмсаған әскерлернің көбісі халықтың жағына ауып кетіп жатыр. Мысалы, кешегі Арменияда, Гондурастағы митингіде әскерлер халықтың жағына өтіп кетсе, бүгін ғана Грузиядаға митингіде әскерлер халықтың тарапына ауып кетті. Бұл намыс пен рух, еліміздің, халқымыздың баласы едік, халқымызды қиын жағдайға қалдырмаймыз деген елдің сарбаздарының ісі. Әскер де, полиция да халықтың баласы. Мен полицияға бұл ерлікті жасайды деп сене алмаймын, бірақ сарбаздарға сенемін. Сарбаз бен полицияны халықтың тарапына тартып алу көпшілік біріксе ғана іске асады. Осы процесс арқылы да мынау жүйенің қабырғасын сөгуге болады. 30 жыл бойы әділетсіз жүйенің архивке кетуін тағатсыздана күткен қазақ халқы да өзінің әскерінің осындай ерлігін күтіп отыр. Бұл процестің басы басталып та қойды. Ал егер де жалдамалы біреулер болса әңгіме басқа болады. Кешегі митингіде сарбазға гүл берген нәрсете қызға қуыршақ алып келіп берген сарбазды, өз еркімен жұмыстан кетіп, халқыма қарсы келмеймін деген жігіттерді де өздеріңіз интернеттен көріп отырсыздар. Бұл да намыс пен елдің жағдайын ойлағаннан туындаған әрекет. Олар да біз сияқты жігіттер. Бұл да жақсы үрдіс. Бір нәрсе анық, полицияның ішінде намыстан жұрдай адамдар өте көп. Түптің түбінде олар да әбден шаршайды. Алдағы уақытта халықтың соты мен жазасы күтіп отырғанын да біледі. Соңында бәріне де халықтың жазасы болуы міндетті. Полиция мен сарбаздарды да халықтың жағына тартудың барлық механизмдерін жасай беру керек. Дені дұрыс елдің сарбазы халыққа қарап қол көтермейді. Көп ұзамай осы үрдіс бізге де келеді. Халық 30 жыл төзді, ары қарай да төзіп отыра береді деген де абсурд. Есесіне біздің қазақ халқы соңғы кезде қайта қайта бас көтеріп жатыр. Мұны билік тарапынан тек жақсылықпен, адамгершілікпен ғана тоқтата алады. Ал жақсылық пен адамгершілік жасау жемқор опасыздардың қолынан келмейді. Олар дұрыс жолды таңдап отырған жоқ, керісінше халықты ашуландырып жатыр. Ескеретін тарихи бір жағдай бар, тархитағы барлық көтеріліс халықтың жеңісімен аяқталған. Ертең әскерлер халықтың тарапына өтіп жатса таң қалмаңыздар. Сарбаздар билікті емес, отанды, халықты қорғау үшін ант береді.

Бекболат Қаржан

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер