Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

1983
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағынауданы маңында салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады. Біздің басты міндетіміз – ЕТЖ-да вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету болды. Қазір 2 апта бұрын жарияланған көлік қаңқасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Біз оның мерзімін 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз», – деді ол.

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар ағынының бір бөлігін қайта бағыттауға, сондай-ақ қосымша жолаушылар пойыздарын енгізуге мүмкіндік береді, осылайша қаланың жол инфрақұрылымындағы көлік жүктемесін азаймақ.

Айта кетейік, жоба бұған дейін дейін жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде оңтүстік астананың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер