Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам кешірім сұрады (ВИДЕО)

4790
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның кешірім сұраған видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бейнежазбада күдікті барша қазақстандықтан кешірім сұрады.

«Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Менің зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Менен жәбір көрген бауырымнан кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлығыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын»,—дейді ол.

Нұрболат Дәкебаев видеоны ұсталар алдында түсірген.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды ​​тұрғынының жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққанын жазған едік. Ер адам 1 ақпан күні ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер