Қаза тапқандар бар. Қарағанды облысындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған

1325
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24kz
Фото: 24kz

Бүгін түнде, сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде жарылыс болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24kz арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 2014 жылы салынған пәтерде орталық жылу жүйесі болмаған. Пәтерге жөндеу жұмыстарын жасау кезінде жөндеушілер газ баллонын жанып тұрған пештің жанына қойып, салдарынан жарылыс пайда болған. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев айтты.

Бірінші және екінші қабаттағы пәтерлер жартылай зақымданған. Оқиға кезінде тұрғын үйде тұратын 46 адамның 35-і үйде болған.

Құтқару жұмыстары кезінде ер адам мен әйел адамның өлі денесі, сондай-ақ 5 адам жаралы күйінде табылды.

3 бала түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнына жедел штаб құрылып, жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер